Хаттама 2

"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі" КММ

 

Қамқоршылық кеңесінің отырысы

№2 хаттамасы

Өткізу күні: 05.11.2024 ж.

Отырыстың басталуы:17.00

Отырыстың аяқталуы:18.00

Қатысқан: 5

Қатыспаған: 2

Күн тәртібі

1.Ата-аналардың өтініші бойынша Уринбай Диас, Уринбай Диана мен Серікбай Арсенді  тегін және жеңілдікпен тамақтанатын оқушылар тізіміне қосу.

2.Қазан айы бойынша бракераждық комиссия қорынтындысы.

1 сұрақ бойынша әлеуметтік педагог Канатбек Маржангуль ата-аналардың өтініштері бойынша Уринбай Диас, Уринбай Диана мен Серікбай Арсеннің  отбасылық және тұрмыстық жағдайын тексеріп, үйлеріне барып-келу АКТ жасады.

Уринбай Диас 7 А сынып оқушысы. Сынып жетекшісі:Устажанова Лаззат Амантаевна. Уринбай Диана 8 В сынып оқушысы.Сынып жетекшісі: Хасихан Еңлік. Оқушылардың Бердимуратова Азада «Көктем» сауда үйінде сатушы. Әкесі Уринбай Бахтияр жұмыссыз.Отбасы көпбалалы. Уринбай Диана 8 В сынып ,Уринбай Әлинур 3 А сынып , Уринбай Әлихан садикте «Балдырған». Әлеуметтік жағдайы төмен.Тұрғын үй апатты жағдайда, санитарлық жағдайы төмен. Отбасындағы табыс көзі балаларының жәрдемақысы мен анасының еңбекақысы.

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:Кенжегалиев Алишер Жаныбекович Уринбай Диасқа демеушілермен бірге қыстық аяқ киім мен қыстық күрте алып беретінін айтты. Және де осы отбасына бір реттік азық-түлікпен қамтамасыз етіп көмек қолын көрсететінін айта кетті. Тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші Оспанова Гульжамиля Ертаевна Уринбай Диас мектепішілік бақылаудағы оқушы екенін, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша есепте тұрғанын айта кетті. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Уринбай Диастың  анасың Бердимуратова Азада мектепке шақыртып түсіндірме жұмыстары өткізілгенін осыған байланысты хаттама жасалғанын айта кетті.

Әлеуметтік педагог Канатбек Маржангуль екінші өтінішпен таныстыра кетті. Серікбай Арсен 6 Б сынып оқушысы.Сынып жетекшісі: Искаков Куандық. Арсеннің анасы Идрисова Самал .Көпбалалы ,жалғызбасты ана.Жұбайымен азаматтық некеде болған. Алимент төлемейді, балаларына көмектеспейді.Идрисова Самал ағасының үйінде тұрады. Денсаулығына байланысты жұмыс жасамайды. Отбасындағы табыс көзі балаларының жәрдемақысы ғана (59183 тг).

Тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші Оспанова Гульжамиля Ертаевна Серікбай Арсенге қысқаша мінездеме бере кетті. Оқушы тәртіпті, сабақтан себепсіз қалмайтынын, өз қатарындағы оқушылардан ерте ер жеткен бала екенін айтты. Осы мектепте оқитын Серікбай Әмір 1 В сынып оқушысы,Серікбай Аділ 4 А сынып, Серікбай Айғаным үйде 4 жаста.  Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:Кенжегалиев Алишер Жаныбекович Серікбай Арсенге демеушілермен бірге  осы отбасына бір реттік азық-түлікпен қамтамасыз етіп көмек қолын көрсететінін айта кетті.Қамқоршылық кеңес мүшелерін мектептен тыс шараларға да қатыстыру туралы өз ойларын қоса кетті.

 

Бірінші сұрақ бойынша шешім:

  1. Ақпаратты назарға алу.
  2. Қамқоршылық Кеңес шешемі бойынша Уринбай Диас, Уринбай Диана  мен Серікбай Арсенді тегін тамақтанатын оқушылар тізіміне енгізілсің. 

2 сұрақ бойынша әлеуметтік педагог Канатбек Маржангуль тыңдалды. Ол бракераждық комиссияның қазан айы бойынша асхананы тексеру бойынша АКТ таныстырды. Бракераждық комиссия мүшесі Айтжанова Айгуль асхана бойынша ескертулер бойынша айта кетті. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Кенжегалиев Алишердің сөзі тыңдалды.Осы қараша айында  асхана бойынша ас сапасын қадағалауға келетінін ескертті.

Екінші сұрақ бойынша шешім:

  1. Қараша айына бракераждық комиссия мүшелері асханаға ас сапасын тексерсін.

 

 

 

 Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:_________ Кенжегалиев А.Ж.

 

 Қамқоршылық кеңесінің  хатшысы: __________ Канатбек Маржангуль