«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
10.02.2026
🧩730-дан аса команда, 2 500-ден аса қатысушыны біріктірген «Astana Tech Cup» республикалық чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен келіп, түрлі санат бойынша бақ сынап, өз өнерлерін көрсетті. Екі күнге созылған ауқымды технологиялық, жарыс үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.
🧩Чемпионатты «AZ GROUP» білім беру компаниясы, Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» орталығы және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетімен бірлесіп еткізуде.
🧩Осынау байрақты додаға мектебіміздің “Robo Baluan” командасы қатысып үлкен жетістікпен оралуда.
🧩Lego Line Followers санаты бойынша 1-4 сыныптар арасынан Бегзан Абдурахман әділ қазылардың арнайы жүлдесімен марапатталып Түркия елінде өтетін халықаралық жарысқа жолдама ұтып алды🏆
🧩Football Lego санаты бойынша 5-8 сыныптар арасынан Алимбаев Нұрислам мен Зандыбай Расул әділ қазылардың арнайы жүлдесімен марапатталып Түркия елінде өтетін халықаралық жарысқа жолдама ұтып алды🏆
🎮Жетекшісі Бегзан Байсұлтанбек.
«ASTANA TECH CUP» робототехника чемпионатына қатысушылар
“Lego Line Followers” санаты
1-4 сынып Бегзан Абдурахман
5-8 сынып Қадыр Амир, Байзуллов Жасар.
“Lego Sumo” санаты
5-8 сынып Қымбат Санжар, Шайтекей Ислам
“Football Lego League” санаты
5-8 сынып Алимбаев Нұрислам, Зандыбай Расул
Жеңісті күндер көп болсын🏆