«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының 

Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Аймақтық семинар

14.04.2026

2026 жылғы 14 сәуірде «Қазақстан халқына» қоры «Білім беруді тұрақты дамыту қорының» серіктестерімен бірлесіп, «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасы және Меморандум аясында Біржан сал және Бурабай аудандарының қатысуымен Макинск қаласындағы «Балуан Шолақ атындағы» мектеп-лицейінде аймақтық семинар өткізілді.
Семинардың тақырыбы: «Ауылдық тірек мектептерінің әлеуетін дамыту: тәжірибе, даму стратегиялары және білім сапасын арттыру». Осы мақсатта мектеп-лицейдің тәжірибелі педагогтері мен талантты оқушылары түрлі жобаларды ұсынып, зерттеу жұмыстарын таныстырды.
Семинарға Біржан сал ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Есемсеитова Рысты Айтмағанбетова, Абай атындағы №2 ЖОББ тірек мектебінің директоры Р. Абуов, білім бөлімінің әдіскері Динара Натиева, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Байманова, мектеп психологі Жұмаділ Спандияр, сондай-ақ Бурабай ауданы Веденовка ауылының орта мектебінің директоры Шаяхметов Қайырбек Матович, Ақылбай ауылының орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М. Мукушева және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары И. Путро қатысып, семинар соңында өз пікірлерімен бөлісті.
Мектеп-лицей соңғы 3 жыл бойы аталған жоба аясында бес бағыт бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Атап айтқанда:
– «Білім шыңы»
– «Жас ғалым»
– «Өнерлі ұрпақ»
– «Жаңа бастамалар»
– «Тіл және тарих тандемі».
Семинар қорытындысында білім бөлімінің әдіскері Галия Баитова жоба жетекшілерін Білім бөлімінің грамоталарымен марапаттады.
Аймақтық семинар алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу және үшжақты Меморандумды іске асыру аясында жоғары әдістемелік деңгейде өтті деп айтуға болады.

Просмотров: 0


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз Әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі
Текст